Ерке Есмахан мен Раим отбасын құрғандарына үш жыл толғанын айтты

2 295

Фото: instagram.com/erke_esmahanТанымал әнші Ерке Есмахан отбасы құрғандарына үш жыл толғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі отбасылық фотоларын жариялады. 

“Раим екеуміздің шаңырақ көтергенімізге үш жыл болып қалды. Сол үш жылдың жемісі, міне, осы суреттерде. Алла бағымызды еселеп, қол жайып тілегенімізді молынан нәсіп етіп жатыр. Жаратқанға сансыз шүкір айтамыз. Бақытты болыңыздар! Біздің отбасымызға тілекші, кең пейіл, ақ жүрек оқырмандарым", – деп жазды әнші әлеуметтік желіде. 

Желі қолданушылары өнерлі отбасына ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

“Қандай керемет сәт”, “Қаншама сөзге қалса да, махаббаттары жеңіп шықты”, “Балаларың аман болсын”, “Енді қыз туып ал”, “Батырлардың ұрпағын көбейте бер”, – деп жазды көпшілік. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.