Динара Сәтжанның жалған ақпарат таратқаны мәлім болды

1 336

Жастар арасында Yenlik деген лақап атпен танымал Еңлік Құрарбек гонорарына қатысты жалған ақпарат таратқан тележүргізуші Динара Сәтжанға жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі NTK арнасына сілтеме жасап.


Динара Сәтжан сұхбаттардың бірінде інісінің тойына бірқатар отандық әншілерді шақырмақ болғанын айтты. Олардың қатарында Мирас Жүгінісов пен Еңлік бар. Қазіргі жас әншілердің өнері Динара Сәтжанды қаншалықты қуантса, жаңа толқынның гонорары соншалықты таңғалдырды.


“Былтыр інімнің тойына Мирас Жүгінісовты шақырғым келген. Гонорарының бағасы жеңілдікпен 3 жарым миллионға шықты. Қазір ол баға үш есеге дейін көтеріліп кеткен болар. Ал Еңліктің тойға шығуы 12 миллион теңге деп естідім”, – дейді Динара Сәтжан.


Ал Еңлік отандық тележүргізушінің бұл сөздерін жоққа шығарды. 


“12 миллион емес. Ол кішкене өтірік айтып жіберіпті. Мүмкін, дұрыс естімеген шығар. Мүмкін, дұрыс айтпаған шығар. Ондай емес. Менің ойымша, ол мүмкін емес нәрсе. Мен Роза Рымбаева емеспін, әлемге әйгілі Димаш Құдайберген емеспін. Бұл баға - миға қонымсыз нәрсе. Сондықтан, ол дизинформация”, – деп жауап берді Yenlik.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.