Ерке Есмахан Азамат Зенкаевты "күйеуім" деп таныстырған

475

Ерке әріптестеріне Азаматты "өмірлік серігім" деп таныстырған- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап.

Мәселен, Мәдина Сәдуақасова мұны елдің назарын қарату үшін продюсерлердің жасаған айласы деп ойлапты.

"Басында екі жақтың продюсерлері келіскен шығар, Қазақстанға да келген шығар деп ойладым. Бірақ, білуімше, Еркеде продюсер жоқ, Азамат та топтан кетті. Соған қарап, мүмкін, шынайы сезім шығар деп қалдым.

Ал екеуін бір жобада бірге көргенде түсіндім. Азамат кәдімгідей Еркені қолдап, демеп, көмектесіп тұрады. Сол жылылықты көргеннен кейін "а-а-а" дедім. Ерке "Мәдина, мына жігіт менің күйеуім" деп таныстырды. 

Мен екеуі енді жүріп жатыр дегенді естігендіктен, таңғалып қалдым", - деп ағынан жарылды ол.