Айнұр Тұрсынбаева әже атанбақшы

1 917

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әже болатынын айтып, желіде сүйінші сұрады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Өткен жылдың қыркүйек айында Түркияның төрінде дүркіретіп тойын өткізген Беклан мен Мәдина тұңғыш сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.


Жастар Беклан мен Мәдина “gender party” жасайық деп… Қуаныш сыйлайтын сәттер көбейсін. Әрбір шаңырақта осындай жақсы жаңалықтар болсын. Құттықтауларыңызға рахмет! Жұғысты болсыншы, – деп жазды айтыскер ақын.


Көпшілік алдында болашақ сәбиінің жынысын жария еткен жас жұбайлар жақын арада ұлды болатынын білді.


Өнердегі әріптестері мен оқырмандары айтыскерді қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.

"Салихалы ұрпақтан болсын”, “Құтты болсын”, “Немереңіздің бал қылығын қызықтауды жазсын”, “Құттықтаймын”, “Шекесі торсықтай ұлды бізге де нәсіп етсін”, – деп жарыса жазып жатты.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.