"Ақша беріп құтылды!" Төреғалидің концертінде тағы бір шал шу шығарды

364

Таяуда Төреғали Төреәлі республикалық көлемдегі гастрөлдік сапарын бастаған еді. Атышулы әншінің алғашқы концерттері жоспардағыдай өткенімен, кезекті кешінен шу шыққан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Әлеуметтік желіде тараған даулы видеода Төреғалидің егде жастағы ер адамға дауыстап айтқан сөзін анық аңғаруға болады.

Қазнетте талқыға түскен бейнетаспа torefandar деп аталатын парақшаға жүктелген. Аталған роликке зер салсақ, концерттің қақ ортасында шу шығарған бейтаныс қарияға Төреғали төмендегідей деп жауап берген.
Төреғали Төреәлі / instagram.com/toregalitoreali

Әне, аталар мінезін көрсетпесе ол Төреғалидің концерті бола ма? Ештеңе қылмайды, ондайға ет үйреніп қалды. Адам өзі үйреніп қалады екен ғой,— деді Төреғали.

Ғаламторда тараған видеоны әркім өзінше пайымдап жатыр. Бірі әншінің егде жастағы тыңдарманын жақтаса, желідегі жұрттың келесі легі Төрешті даттаған.


"Ішіп алған ба?", "Дау шынымен болған, ақша беріп құтылды ғой", "Тағы бір атаны қуып шықты ма?", "Карантиннен кейін сабырлы болып қалыпты", "Ой, сенде шалдармен салғыласып... Ол кісілердің қанша өмірі қалды дейсің. Сыйлай білу керек қой", — деп жазды оқырмандар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.