Өзім күйеуіме жас тоқал алып бердім, ол ұл туды- Майра Ілиясова

757

Әнші отбасынан өнерді биік қойған. Тіпті сол үшін жолдасына екінші әйел алып беріп, өзі бөлек кеткенін айтады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтты.

Майра Ілиясова ерте жастан тұрмыс құрды. Жолдасы да өнер жолында. Ортақ бір қызы бар. Тоғжан есімді қызы бүгінде тұрмыс құрып, балалы-шағалы болды. Ал Майра Ілиясова күйеуінен бөлек бір отау болып тұрып жатыр.  

“Мен 1-курс оқып жүргенде жолдасыммен таныстым. Екеуміз ерте үйлендік. Ол қызыма, отбасыма қарады. Мен үнемі гастрольдік сапармен жүрдім. Біз айлап, қырық күндеп кететін едік. Ол маған ешқашан тыйым салған емес. Үйде отыр, тамақ істе деген емес. Қызыма өзі қарады, үйге өзі қарады. Мен өнерге өзімді арнаған адаммын. Өнерді тастай алмадым. Үйде отыра алмадым. Солай жүргенде мен бұның дұрыс емес екенін білдім. Жолдасым балажан еді. Ұл баланы жақсы көретін. Оған екінші әйел ал дедім. Ұл бала туып берсін дедім. Мен бөлек отбасы болып отырамын дедім. Мен өзім рұқсат еттім”, – дейді әнші. 

Әнші сіңлісінің құрбыларын сұрастырып жүріп, бірін жолдасымен таныстырған екен. Қазір екінші отбасы болып тұрып жатыр. 


Әншінің өзі екінші рет тұрмыс құрмаған. Сөз салған азаматтар кезіккенімен, ол өзін өнерге, немерелеріне арнады.  

 Жолдасым отбасымен Алматыда тұрады. Қандай жағдай болса да мен көмек қолын созам. Қуанышта біргеміз– деді ол. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.