"Жігіт менікі екенін білдіріп, айналшықтап қасынан шықпадым"

730
Ерке Есмахан да басқа әріптестері сияқты Мәскеуге ұшып кетті. Әнші сүйіктісі AZ-мен бірге "Добрый вечер, Казахстан" бағдарламасының түсіріліміне барды.

Түсірілімнен бірнеше күн бұрын Ресейге жеткен ғашықтар қаланың әсем жерлерін аралап, стористе бөлісуде. Бұл орайда Ерке Мәскеуде карантин бізден қарағанда жеңіл өтіп жатқанын атап өтті. "Жаңбырлы Мәскеуден жалынды сәлем. Москваға жұмыс барысымен жол түсті. Біраздан бері көрмеген әріптестеріммен бір ұшақта көңілді ұшып келдік. Уақыттың әр сәті керемет өтіп жатыр. Мәскеуде адам көп. Маскалы режим де, ара қашықтық та сақталмайды. Карантин шаралары біздікімен салыстырғанда жеңілдеу сияқты", - деді ол
.

Ерке күні кеше өткен түсірілім кезіндегі қызықтарымен бөлісті. Ол АZ мен ресейлік әнші Ани Лоракқа жеке гримерка, ал Мақпал (Исабекова) екеуіне ортақ бөлме берілгенін айтып ренжіді. "Сөйтіп мен AZ-ның қасына барып алдым", - деп бөлісті өзі. Ерке түсірілім кезінде сахнадағы сүйіктісінің шашын сәндеп жатқан видеосын бөлісті. Ол AZ-ді орыс қыздардан қызғанып қалғанын жасырмады.


"Орыс қыздарға жігіт менікі екенін білдіріп, өтірік шашын дұрыстап, айналшықтап қасынан шықпадым әйтеуір. Әшейінде шашымен шаруам жоқ ше", - деп бөлісті сылқым ару.