Әбдіжаппар Әлқожа не үшін шапалақ жеп жүр

774

Әбдіжаппар Әлқожа мерейлі 40 жасқа толған әпкесі Розаны құттықтап, бала күнгі естеліктерімен бөлісті - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



 Ол кішкентайынан әпкесін өзгелерден қызғанып өскенін жеткізді.

"Мен сізді қатты жақсы көремін. Екеуміз бір құрсақтан шықтық. Сіз - үлкені, мен - кішісі. Сіз Алғаш КазГУ-ге оқуға түскен кезде, біз баламыз. 
Біз сізді үнемі сағынып, хат жазатынымыз есімде. Сол кезде сіз тек біздің үйдің қызы сияқты болатынсыз. Студент болып, ауылға келген сәтіңізде, барлығына, тіпті, көрші балаларға дейін сыйлықтар алып келетін едіңіз. 
Барлығына бірдей беріп жатқан кезде, мен қызғанатынмын. Өйткені менің әпкем ғой, неге мені ерекше көрмейді деп ойлатынмын. Сол кезден бастап кең болғансыз, қазір де солайсыз. Әр адамды бауырым деп көресіз", - деді Әбдіжаппар.


Сонымен қатар,Әбдіжаппар елдің алдында оғаш қылық көрсетіп, әпкесінен таяқ жеп қалғанын айтты. 

“Бір келгеніңізде сіздің назарыңыз керек болып, айналшықтап жүргенімде, алдыңызға отырғыздыңыз. Сол кезде сасқанымнан не істерімді білмей, "менің әпкем, не істесем де болады" дегенім шығар, баламын ғой, бетіңізге түкіріп жіберген болатынмын. 
Сол кезде сіз мені шапалақпен ұрып жібердіңіз. Өмірімде жеген бірінші және соңғы шапалағым сол", - деп еске алды өнер иесі.