«Құны-990 теңге»: Танымал блогер үйлену тойын тікелей эфирде ақылы көрсетпек
Танымал блогер әрі тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісі Сұлтанмен бірге өтетін үйлену тойын көпшілікке жаңа форматта көрсетеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Жұп 30-шы тамызда өтетін салтанатты кешті онлайн трансляция арқылы көрсетуді жоспарлап отыр. Диана Скатова әлеуметтік желідегі парақшасында тойдың тікелей эфиріне қосылуға мүмкіндік беретін Telegram-боттың сілтемесін жариялаған.
Алайда трансляцияны көру тегін болмайды. Тойдың онлайн көрсетілімінің құны — 990 теңге.
Көрермен алдымен Telegram-бот арқылы төлем жасап, оның түбіртегін модераторға жіберуі қажет. Төлем расталғаннан кейін жабық Telegram-арнаға қосылуға арналған сілтеме беріледі. Диана Скатова мен Сұлтан шаңырақ көтеру қуанышын жақындарымен бірге атап қана қоймай, онлайн форматта оқырмандарымен де бөліспек.







