Ажырасқанын мәлімдеген Мақпал Исабекова оқырмандарына уәде берді

2 516

Фото:© instagram.com/makosyaiҚазақстандық әнші, “Ноябрь”, “Слепой дождь” хиттерінің орындаушысы Мақпал Исабекова жуырда жарыққа шыққан жаңа әні өзінің ішкі сезімін бейнелейтінін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі тыңдармандарына “Оңалдың” атты жаңа әні мен бейнебаянын ұсынған. Музыкалық туынды тыңдармандар тарапынан жоғары бағасын алды.

“Әйел адам сатқындықты кешіруі мүмкін, бірақ ұмыта алмайды”, – деді Мақпал

Әнші оқырмандарына қолдауы үшін алғыс айтып, бұл ән өзінің жан дүниесіндегі күйді жеткізетінін мойындаған.Фото:© instagram.com/makosyai Мақпал Исабекова бұрынғы күйеуімен арада өзара түсініспеушіліктер болғанын да жасырмаған.

“Жылы сөздеріңіз үшін рақмет, бәрі жақсы, шүкір. Бұл ән – жанымның әуені, ішкі сезімімнің ашық көрінісі. Мен алғаш рет бұл сезімдерді көпшілік алдында сезінуге өзіме рұқсат бердім. Енді жыламаймын деп уәде беремін. Жақында бірге билейміз”, – деп жазды ол.
“Сіздерге көп жаңа ән сыйлауға уәде беремін, таңғалдыруға, шабыттандыруға, әндерім арқылы емдеуге, махаббат пен жылулық сыйлауға тырысамын. Себебі мұның бәрін сіздерден аламын, ал мен сіздердің махаббаттарыңызды еселеп қайтарғым келеді”, – деп жазды әнші.
“Мен әдетте кез келген адаммен ортақ тіл табыса аламын. Біреумен танысу, сөйлесу мен үшін қиын емес, адамдармен қарым-қатынас жасаудан ешқашан қорықпаймын. Бірақ дәл күйеуіммен қарым-қатынаста қиындық болды. Бізде диалог жоқ, тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да. Біз сөйлесе алмаймыз”, – деді ол.