Қызылордада сахнаға сөмке лақтырған көрерменге Қайрат Нұртас «Көргенсіздік» деп ескерту жасады

2 500

Фото - Sn.kzҚызылордада концерт берген әнші Қайрат Нұртас сахнаға сөмке лақтырған көрерменнің әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға әншінің өнер көрсетуі кезінде болған. Көрермендердің бірі залдан сахнаға шағын сөмке лақтырған. Әнін аяқтаған соң Қайрат Нұртас сөмкені алып, иесіне қайтарып берді.

Алайда әнші мұндай әрекеттің дұрыс емес екенін айтып, көрерменге ескерту жасады.

«Үйтіп лақтырма, бауырым, көргенсіздік болады», – деді Қайрат Нұртас.

Сөмкенің сахнаға не себепті лақтырылғаны белгісіз. Көрерменге ескерту жасағаннан кейін әнші концертін жалғастырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.