Отандық кинокомпания актер Шәріп Серікті "қара тізімге" енгізіп, барлық келісімшартты тоқтатты

2 640

Фото: instagram.com/shakentiiҚазақстандық актер Шәріп Серікті бұрынғы сүйіктісі қол көтерді деп айыптады. Бұл ақпараттан кейін отандық Sәlem Entertainment компаниясы актермен барлық келісімшартты тоқтатты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Соңғы оқиғаларға байланысты Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті "қара тізімге" енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты толығымен тоқтатты.
Бұған дейін жарияланған "Шакал" сериалы мен Qarga сериалының үшінші маусымы жабылды", - делінген компания Instagram желісінде жариялаған хабарламада.


Сонымен қатар актер Meow сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін ойнауы тиіс болған, алайда ол жобадан шететтілген.

Сондай-ақ хабарламада "Патруль: последний приказ" фильмінің шығармашылық ұжымы актер түскен көріністерді прокатқа шыққалы жатқан фильмнен алып тастау үшін белсенді жұмыс істеп жатқаны айтылған.


"Актермен барлық келісімшарт тоқтатылды", - делінген хабарламада.


Айта кетейік, бұған дейін актер Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі актердің өзіне қол көтергенін айтып, желіде жазба жариялаған еді. Алматы полициясы аталмыш факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.