Айқын неге жылжымалы мүлік жинап жатыр

562
Отандық әнші Айқын Төлепберген отбасына арнап қос қабатты үйінің  құрылысын бастады- деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Айқын Төлепберген қоғамдастық тарапынан жиі сынға ұшыраса да, бүгінде  өзінің төрт баласына  қала ортасынан пәтер сатып алып беріп, болашақтарын алаңсыз өтуі үшін еңбек етуде.

"Ал армандаған үйімді сала бастадым. Арматура, бетон, құрылыс материалдарын аламын. Құрылыстың қалай өтіп жатқаны қызық болса сіздерге пікір қалдырыңыз.

Бәрін көрсетемін. Бұл да бір мен үшін жақсы контент болатын болды. Жалпы құрылыс туралы көп әңгіме айтамын. Сұрақтарыңыз болса, жауап беремін", - деген әнші оқырмандарынмен кері байланыс жасауға дайын екенін айтты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.