Сәбит Әбдіхалықов: Бәйбішемді ұзатқым келеді

565
Сәбит Әбдіхалықов экс-жұбайы Айгүл Иманбаеваның 45 жас мерейтойында әншіні ұзатқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз өмірден өткеннен кейін де біздің тарихымыз, ұрпағымыз жалғасады. Сол үшін аман бол. Құдай қаласа, баламыздың қуанышын көріп, үйлендірейік. Оған дейін амандық болса, мен сені қолдан ұзатып жіберейін", - деп актер  өз ақ тілегін арнады.

Көпшілік бұрынғы жұбайлардың сыйластығына қайран қалды. 

"Айгүл мен Сәбит күшті сыйластықта қалған. Айгүл Сәбиттің ауылдағы ата-анасымен де жақсы қарым-қатынаста", "Ортада ұлдары бар, сыйластықта қалғандары дұрыс", "Осындай сыйластықта болу үлкен ақылдылық. Тәнті болдым", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.