Актер Дәурен Айдарқұлов үшінші жұбайымен қалай танысқанын айтты

2 522

Фото: instagram.com/daurenaidarkulovТанымал актер Дәурен Айдарқұлов жақында үшінші рет шаңырақ көтеріп, осыған қатысты жеке өміріндегі қызықты жайтпен бөлісті,- деп хабарлайды Opennewskz ақпарат агенттігі.

Актер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, қазіргі жұбайымен қалай танысқанын баян етті. Айдарқұловтың айтуынша, ол жарымен Threads әлеуметтік желісі арқылы танысқан. Таныстықтан кейін небәрі екі апта ішінде екеуі отбасын құру туралы шешім қабылдаған.

«Бірнеше ай бұрын Threads-ті өшірген едім. Себебі бұл желіден қажетімді алдым. Шынымды айтсам, қосымшаны өзіме жар табу үшін пайдаланғанмын. Іздеу барысында желінің алгоритмі талғамымды түсінген болуы керек, парақшама болашақ жар болуға лайық қыздар шыға бастады. Екі ай өткен соң көңіліме қонған бір парақшаны көріп, бірден жаздым. Екі аптадан кейін үйленеміз деп шештік. Қысқасы, әлеуметтік желілердің де пайдасы бар екен», – деп жазды актер.

Айдарқұловтың бұл жазбасы желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, пікірлер легін жинады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.