"Елге қайту жоспарда жоқ". АҚШ-қа кеткен Марат Омаров студент атанды
307
Бүгінде жасы 63-ке келгеніне қарамастан, әнші, сазгер Марат Омаров студент атанып, университет табалдырығын аттады.
Экспресс К тілшісі АҚШ-та тұратын Марат Омаровқа қоңырау шалып, қандай мамандық бойынша білім алып жатқанын сұрады.Әншінің айтуынша, ол продюсерліктің қыр-сырын меңгермек. Одан бөлек ағылшын тілін үйретін қосымшаларға барып жүр. Осылайша өнер иесі көптен бергі арманын орындады.
"Негізі білім алудан ешқашан шаршамайтын адаммын. Білім ала отырып оның нәтижесін көргім келеді. Бүгінде ағылшын тілінде емін-еркін сөйлей алмаймын. Бірақ барынша талпынып жатырмын. Қызым еркін сөйлейді. Қазір Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде оқып жатырмын. Алдымен тіл үйренемін, кейін продюсерлікті меңгеремін", — дейді Марат Омаров.
Марат отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп кеткеніне бес ай болған. Композитордың кенже қызы Бибімәриям бұл елде фильмге түсіп жатыр.
Әзірге елге қайту жоспарда жоқ. АҚШ-қа келудегі басты мақсатым — екі елдің ортасына достық көпірін салу. Жас таланттарды Америкаға тарту. Өзімнің біраз әндерімді ағылшын тіліне аударып, заманауи стилде өңдедім,— дейді әнші.