Ticketon.kz сервисінің негізін қалаушы Алексей Ли техникалық ақау салдарынан әлемдік әнші Дженнифер Лопестің концертіне қайталанып сатылып кеткен билеттер үшін өтемақы төлеуге уәде етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ticketon.kz сайтында билет сату кезінде болған техникалық ақаудың себебін сервис негізін қалаушы Алексей Ли Threads парақшасында түсіндірді. Ол пайдаланушылардан кешірім сұрап, туындаған қолайсыздықтар үшін өтемақы беруге уәде етті.
Алексей Лидің айтуынша, сервердің қуаттылығын үш есе арттыруға қарамастан, сайт жүктемеге шыдас бермеген, ақырында билеттерді сату тоқтатылды.
"Біз алдын ала @ticketonkz инфрақұрылымын күшейтіп, серверлерді үш есе арттырдық. Бұл ретте алдыңғы ең жоғары сұраныс деңгейіне сүйендік (бұған дейінгі рекорд – Корждың концертіне шамамен 13 500 билет 1,5 сағат ішінде сатылып кеткен болатын). Алайда қызығушылықтың шынайы ауқымын есептей алмадық. Сайт істен шыққан кезде, техникалық топ Cloudflare компаниясының жүктеме инфрақұрылымына арналған электронды кезек жүйесін шұғыл енгізді. Бірақ асығыс жағдайда кейбір маңызды жайттар ескерусіз қалып, нәтижесінде көптеген тапсырыс брондалып, билеттердің қайталануы қаупі туындады. Біз бұл қауіпті байқаған соң, сатуды тоқтатып, түні бойы қолмен дубликаттарды анықтап, алыпсатарларды анықтап, әр клиентке жеке шешім іздеумен айналыстық.", - деп жазды ол Threads парақшасында.