Тамара Асар протезді жасыруға арналған көйлектерін көрсетті

2 489

Фото: instagram.com/tamara_assar_officialТанымал әнші Тамара Асар гардеробын көрсетіп, сахналық образдарының әрқайсысының тарихын баяндап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

“Мына сәукелемнің аты бар. Оны "Әйел әлемі" деп атадым. Жақындап қарасаңыз, әйелдің бейнесі суреттелгенін байқауға болады. Әйелдің көйлегінің етегі осылай жерге табан тіреп, нық тұруы керек. Жанында қорғаны болуы керек деп шетін осылай көмкердім. Осы бас киімді өзімше осылай ырымдап сахнаға алып шыққанмын", – деді әнші. 

Одан кейін эстрада жұлдызы басқа көйлектерінен ерекшелеп тұратын қызыл белдемшенің тарихын да айтып берді. 

“Мына қызыл белдемше мен үшін өте ерекше. Ұзақ уақыт қиындықтан кейін алғаш рет сахнаға шыққанда осы қызыл белдемшені киіп шыққанмын. Әлі есімде, бірінші рет аяғымдағы протезбен сахнаға шыққан едім. Ол кезде протезім өте қалың, ауыр еді. Екі аяғым екітүрлі боп тұратын. Кеңес Одағының кезінде протез тері мен ағаштан жасалатын ғой, содан салмағы ауыр болатын. Соны көрсетпеу үшін осындай ұзын қызыл белдемше киіп сахнаға шықтым" – деді өнер иесі. 



 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.