Ерке Есмахан мен AZ-дің видеосы қызу талқыға түсті

444
Қазіргі уақытта Түркияда демалып жатқан Ерке Есмахан желіде сүйіктісі Азамат Зенкаевпен түскен видеосын жариялады. Қос ғашық шетелде бірге саяхаттап, әсем жерлерді аралап жүр.

Ерке Есмахан түрік еліндегі демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram желісінде белсенді түрде бөлісуде. Өнер иесі тарихқа толы мекеннен күнделікті фото және видео жариялап, жанкүйерлерін қуантып жатыр.


 Ал бұл жолы әнші қалың көпшілікті тіпті таңғалдырды. Ол өз парақшасында сүйіктісі Азамат Зенкаевпен түскен бейнежазбаны жүктеп қойған. Онда "91" тобының экс-мүшесі ғашығын суға лақтырған сәті көрініс тапты.


 Ерке Есмахан видео соңы бұлай аяқталғанын мүлдем күтпеген болып шықты. 


"Музыка бола ма, музыка»,-деп әдемілеп түсіргім келген ғой, онымен жас жастығын жасайды екен деп қойсам. Азамат аздап майысқан видеоларымнан шаршаған сияқты. Аңырап айқайлаған дауысымнан ұялсам да салып отырмын", - деп жазды эстрада жұлдызы. 


Желі қолданушылары да қос ғашықтың видеосын бірден қызу талқылап тастады. Бірі оларға тәнті болса, енді бірі Зенкаевтың әрекетін сынға алған.