Мәдина Сәдуақасованың басына қара бұлт үйірілді

781

Фото: www.instagram.com/sadvakasovamadina/Салық органдары әншінің барлық жеке шоттары мен депозиттерін бұғаттап қойды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Мәдина Сәдуақасованың басына қара бұлт үйіріліп, салық органдары әншінің барлық жеке шоттары мен депозиттерін бұғаттап қойды. Ақшаны картада ұстап үйренген Мәдина қолында қалған соңғы тиындарын көрсетті.

"Менің барлық шоттарымды, депозиттерімді салық органы бұғаттап тастапты. Не үшін екенін білуге келдім. Не істеп қойдым мен? Есепшімді күтіп отырмын", – деп басына түскен жайтты баяндады Сәдуақасова.



Әнші көп ұзамай мәселенің анық-қанығына жетті.


"Шоттарымның арестке қойылуы ЖК-мен (жеке кәсіпкер) байланысты екен, бірнеше күнде шешілуі керек. Бірінші жолы ескерту жасайды екен. Қолма қол ақша жоқ екен менде, соңғы тиындарымды санап қалдым", – деді әнші.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.