"Өгей балама жақсы әке бола алмадым" - Азиз Бейшеналиев
Танымал актер Азиз Бейшеналиев “Осколки” бағдарламасында жеке өмірі туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өнер иесі 23 жасында үйленіп, отбасылық өмірге қадам басқан.
“Мен бірінші әйелімді 22 жасымда кездестірдім. Оның 3 жасар ұлы болатын. Ол төртке келгенде біз азаматтық неге тұрдық, бір жылдан соң некемізді заңдастырдық. Біз бірге тұратын болып шешкенде әйеліме “өгей ұлым мені әке деп қабылдауы керек” деп талап қойдым. Мұндағы ойым, оған әкесінің орнын жоқтатпау. Мен оған барынша туған әкесіндей қарауға тырыстым. Бірақ қолымнан келмеді. Біріншіден, өзім тым жас едім. Жасым небәрі 22-де. Екіншіден, мен әке тәрбиесінің қандай екенінен бейхабар едім. Анам 7 жасымда мені достарының үйіне жазға демалысқа жіберетін. Ол үйде анамның досы Артур Сергеевич, оның әйелі және мен тұрдым. Онда темірдей тәртіп болатын. Артур Сергеевич маған бірінші күні-ақ ескертті. “Мынау сенің қолыңнан келеді. Жасай алсаң, жарайсың, қолыңнан келмесе де ештеңе етпейді. Мынаны жасауға міндеттісің. Істей алсаң, жарағаның, жасай алмасаң, сабаймын. Мынаны жасауға болмайды. Тиіспесең, жарайсың, қол тигізсең, сабаймын”, – деп үйретті. Мысалы, үстел үстінде сөйлеуге тыйым салатын. Алда-жалда бір нәрсе айтып қалсам, ағаш қасығын жалап, маңдайымнан қойып қалатын. Тәртіп бұзсам, расымен сабайтын. Иә, қатты ауырсынатынмын, қорқатынмын. Бірақ онысына еш ренжімейтінмін. Себебі ол маған ескертті, ал мен бағынбадым. Өз кінәмді білетінмін. Мен бұл тәртіпті әкенің тәрбиесі деп білдім”, – дейді Азиз Бейшеналиев.
Актер дәл осы тәрбиені өгей ұлына қолданғанын және мұның дұрыс емес екенін кеш түсінгенін айтты.