Алмас Кішкенбаевтың анасы өмірден өтті

297
Отандық эстраданың жарық жұлдызы Алмас Кішкенбаевтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Әншінің анасы өмірден озды.

Қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып белгілі қазақстандық журналист Азамат Исаев жеткізді. Ол Instagram парақшасында жазба жариялап, өнер иесіне көңіл айтты. 


"Сүйікті ұлдарыңыз, тұңғыш SuperStar Алмас Кішкенбаевтың анасы мәңгілік мекеніне қайтты. Алла алдынан жарылқасын. Бәріміз Алладан келдік және оған қайтушымыз. Алмас, бауырым бекем бол. Туған туыстарыңа керексің. Сабыр берсін", - деп жазды ақпарат өкілі. 
Желі қолданушылары бірден Алмас Кішкенбаевты барынша жұбатуға тырысып, өз қолдауларын білдірді. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.