Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді

2 546

Фото: видеодан кадрТанымал әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Серікбол Сайлаубектің отбасын құрғанын белгілі отандық асаба Руслан Искаков хабарлады. Ол Instаgram-дағы парақшасында үйлену тойдан видеолар жариялап, дүбірлі тойдың қалай өткенін көрсетті. 

Әншінің қуанышына тек ет-жақындары мен өнердегі достары ортақтасып келген. 

Танымал тұлғалар арасында Сәкен Мағазиев, Ермек Меденов, Ахметжан Есімов, Ұланғасыр Қамиев және т.б бар. 

Белгілі болғандай, Серікбол Сайлаубектің таңдауы Назкен есімді аруға түскен. Алайда өнер иесінің келіншегі жайлы әзірге басқа ақпарат жоқ. Әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына үйлену тойынан видео жүктеген жоқ. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.