Kalifarniya Дариға Бадықоваға әнін не себепті бермегенін айтты
2 525
Танымал әнші Kalifarniya Дариға Бадықованың фильміне не себепті әнін бермей қойғанын түсіндірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Дариға Бадықова бір сұқбатында өзіне әнін бермеген әншілерге ренішін жеткізген болатын. Олардың арасында Kalifarniya да бар еді.
"Kalifarniya-ның да бір әнінің мелодиясын қосқымыз келді. Ол бір миллион теңгеге сатамын деді. 15 секундтық музыкаға бір миллион теңге төлей алмайтынымды айттым. Қалталы продюсер емеспін", - деді актриса.
Алайда Kalifarniya өнердегі әпкесі нақты өзіне хабарласпағанын айтты.
"Маған ешкім хабарласқан жоқ. Өзі сөйлесіп, жағдайды түсіндіргінде берер ме едім. Ол кісі менің командамдағы адамдарға хабарласқан шығар. Сосын олар да жұмысын атқарып, әннің бағасын айтқан. Өйткені олар сол арқылы жалақы алып отыр. Егер ол кісі жеке өзіме шығып, таныстырғанда "ала беріңіз" деп айтушы едім. Беруім де мүмкін еді, бермеуім де мүмкін. Адам болғасын құбылып кетесің. Тіпті, ол кісімен сөйлесіп, араласып көрмеппін. Былай айтқанда, танымаймын. Одан кейін Жахан Отарғалиев жеке нөмеріме хабарласып, әнімді фильміне сұрады. Сол бойда бере салдым. Өйткені өнердегі ағам, жерлесім. Байланысымыз бар", – деді әнші "Taboo" бағдарламасында.