"Басқа әйел алатын уақыт жоқ ": Ақын Бақыт Беделхан

766
Өнер иесі Бақыт Беделхан қазіргі уақытта отбасы жайлы айтылып жүрген қауесетке нүкте қойды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақын осыдан бірнеше жыл бұрын жол апатына ұшыраған жұбайы Айзада Сатыбалдиеваның қазіргі жағдайы туралы айтты.

"Бүкіл Қазақстан шу ете түскен қиын оқиға болды. Оған да міне желтоқсанда 4 жыл болады. Біреудің ажалы, біреудің азабы дейді ғой. Ажалы бар кетеді, азабы бар арқалап қалады. Дегенмен, шүкіршілік. Бүкіл ел дұға-тілекте болды. Ықыласын білдірді. Қазір аяғынан тұрып, бір жылдан асты жұмысына бара бастады. "Рөлдерге шақырып жатыр" деп қуанып қояды. Қалғаны уақыттың қолында, күтуіміз керек. Оңай соққы болған жоқ. Физикалық тұрғыда жақсы. Бастың соққысына бәрібір уақыт керек. Айзада екеуміз мамы айында дүркіретіп қызымызды ұзатып, тойын жасадық. Бір ұл, бір қызымыз бар", деді Бақыт Беделхан.

Бағдарлама жүргізушісі ақыннан

"Қаңқу өсек болар. Қазір отбасыларыңыз қалай? Біз басқаша естіп жатырмыз. Ол қаншалықты рас, өз аузыңыздан естісек? Сұрақтың төркінін түсініп тұрған шығарсыз", - деп сұрайды.
 
Ал Бақыт Беделхан отбасына қатысты айтылып жүрген кейбір қауесетті жоққа шығарып, ел аузындағы сыбысқа нүкте қойды.

 "Бірінші әйелді - Құдай қосады. Екіншісін - шайтан қосады. Қызды қияға қондырып, құда-жекжатты болып жатырмыз. Айзаданың қасында болу маған міндет. Сұрағыңның төркіні, басқа әйел алатын уақыт жоқ. 16 жасынан бірге өскеннен кейін, мынадай жағдайға келіп сылтау айтуға болмайды. Жұрттар "Бақыт сері ғой. Ақындығы бар, үйленем десе әлі де үйленеді" деп ойлауы мүмкін. Өйтіп кемсітуге болмайды. Жұрттың сөзіне сенуге болмайды. Айзада менің тек әйелім емес. Ол - менің отбасым. Бір жағынан 16 жасынан бері бауырымдай болып кеткен, сыралғы адам. Мынадай жағдайда сатқындық жасауға болмайды. Мен соны берік ұстанамын. Қандай жағдай болғанда да қасындамын", - деді ағынан жарылған ақын.