Белгілі виолончелист Бағжан Октябрь өз қуанышымен бөлісті

2 562

Фото: https://www.instagram.com/clvdeexТанымал әнші Өктем Алтаевтың ұлы, виолончелист Бағжан Октябрь мемлекеттік сыйлыққа ие болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қуанышты хабарды өнер иесі әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

“Бүгін “Дарын” сыйлығымен марапатталдым.
Бұл марапатты мені дарынды етіп оқытқан, кішкентайымнан виолончелімді көтеріп келген анашыма және балам оқысын деп еңбек еткен әкеме арнаймын. Құттықтауларыңызға рақмет!” – деп жазды ол.

Желі қолданушылары виолончелистке жылы лебіздерін білдіріп, құттықтап жатыр. 

“Құтты болсын, лайықсың”, “Жүрегің сондай таза, сондай әдемі – сен осындай көркем нәрселерге әбден лайықсың”, “Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Лайықтысыз”, “Бағжан, құтты болсын! Еңбегіңіз әрдайым осылай елене берсін!” – деп жазған олар.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.