Иманбектің трегі ТМД-да алғаш болып миллиард рет тыңдалды

371

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов ТМД-да алғаш болып Spotify жүлдесін иеленді. Компания Roses ремиксі 1 миллиард рет тыңдалғандықтан оны марапаттады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі платформаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ал қазіргі уақытта оның туындысы 1,5 миллиард рет тыңдалып үлгерген. Иманбек америкалық рэпер SAINt JHN-ның Roses туындысына ремикс жазған болатын. Дәл осы еңбегі үшін ол халықаралық “Грэмми” сыйлығын алды.

"Менің шығармашылығым бүкіл әлемнен жанкүйер тапқанына қуаныштымын. Өзге әлемдік жұлдыздармен бірге Spotify-дың байқағаны одан да қуантты", - деді Иманбек өзінің жүлдесі жайлы. 

Бұл жүлдеге Билли Айлиш, Трэвис Скотт, Adele сынды әлемдік жұлдыздар ие болған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.