Әнші Кalifarniya 21 отбасыға баспана сыйлауға ниетті екенін айтты

2 574

Фото: kzmp3.kzТанымал әнші Кalifarniya  ХабарLike бағдарламасында 21 қалада өтетін қаладағы ән кешінде 21 отбасыға үй сыйлағысы келетінін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әншінің айтуынша, ол 8 сәуірде басталатын алғашқы ән сапарын ерекше етіп өткізуді ойлаған. 


Бұл менің ең ауқымды гастрольдік сапарым болғалы тұр. Бұйырса, еліміздің 21 қаласын аралауды жоспарлап отырмын. Мен әр ән кешімде халықпен тығыз байланыс орнатқанды жақсы көремін. Сол себепті, әр қаладағы тыңдармандарыма тосын сый жасағым келді.
Бұл – келіншегім Әнелдің идеясы. Басында «қалай болар екен?» деген ой да, жүрексіну де болды. Бірақ Алла қолдап, тыңдармандарым демеп, бұл ниетімізге жетеміз деп ойлаймын, - деді әнші.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.