Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды

2 320

Фото: Мөлдір Әуелбекованың жеке парақшасынанЭстрада әншісі Мөлдір Әуелбекова Шымкент қаласында өтетін “Той-думан” радиосының фестиваліне қатысты ашық мәлімдеме жасап, өнер адамдарының ақысыз қатысуына қарсы екенін айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қала әкімдігі іс-шараны өткізуге 300 миллион теңге бөлген.   

“Той-думан’ радиосының фестивалі өтеді екен. Шымкент 300 миллион теңге бөліпті. Әншілерге тегін қатысыңдар деп хабарласып тұр. Мен қарсымын. Көрермен әншіге келеді. Неге әншінің еңбекақысын төлемейсіздер?!” – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

 Әуелбекова бұл жағдайды өнер адамдарының еңбегі ескерілмейді деп бағалап, тегін концерттерді әділетсіздік деп санайды.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.