Меруерт Түсіпбаева әскердегі әлімжеттікті тоқтатуды талап етті
2 660
ҚР мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева әскердегі әлімжеттікке қатысты ойын бөлісті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өнер иесі әскерде қаза болған сарбаздың өліміне қайғырып көңіл айтты. Одан кейін билік басындағыларға үндеу жасады.
“Біз бұрын тәуелді болдық. Бірақ, Кеңес үкіметі кезінде әскерге кеткендер аман -есен үйлеріне қайтатын. Енді тәуелсіз мемлекетпіз. Өз қазақтарымыз басқарып отыр. Қай саланы алсақ та мынадай бассыздыққа тосқауыл қоятын жан бар ма?! Өзі аз қазақты қырып салдыңдар ғой?! Енді есейді, енді қызығын көремін деп отырғанда, сұлатып үйіне әкелу не үрдіс?! Бүкіл Қазақстанда бұйрық беріп, әскери жүйені тәртіпке келтіретін бір еркек табыла ма?! Айдың күннің аманында не мынау енді?! Өзегім өкініштен өртеніп отыр. Тағы бір қазағымның отбасы қара жамылды. Қайғырып көңіл айтамын”, — деп жазды әнші желідегі парақшасына.