Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ашқан мейрамханадағы баға көпшіліктің ашуын туғызды
2 662
ҚР халық әртісі Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ашқан “Дайдидау” мейрамханасындағы тамақтардың бағасы белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Белгілі журналист Ақбаян Сапарбай жеке парақшасында видео жариялап, қызмет көрсету пайызы қосылмайтынын айтты.
“Міне, маркетинг! Дайдидау мейрамханасында тамақтанып болған соң, таза қазақы жазылған және қызмет көрсету пайызы қосылмаған түбіртекті көріп риза болдым да, тик-токқа жүктей салдым. Сөйтсем, сол сәтте 2500 адам өз парақшасына алып кетіпті. 1 миллионнан астам адам қарап шықты. Маркетолог жалдап, арнайы жарнама жасасаң да кейде осындай нәтиже бермейді. Сондықтан, шынайылық қашан да құнды. Өз бизнесін дамытқысы келетіндер осыны ескеру керек!”, – деп жазды журналист.
Алайда желі қолданушылары мейрамханадағы тамақтардың қымбат екенін жарыса жазып жатыр.
“Шай бағасы 3 мың теңге болатындай, неғылған шай ол?!”, Қуырдақ бағасы – 7500 теңге”, “3 мың теңгеге бір келі шай аламын”, “Димаштың отбасы да ақшаға құныққан екен”, “Бағасы өте қымбат, бірге бірді қосыпты”, “Үндістаннан шайды өздері өндіріп әкелетін шығар?!”, – деп жазды көпшілік.