«10 жыл күткен балапан»: Мархаба Сәби екінші рет ана атанды

2 523

Фото:© Sadaq.kz коллажы Танымал әнші Мархаба Сәби желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sadaq.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші сүйінші хабарды оқырмандарына әсерлі бейнежазба арқылы жеткізді. Бейнежазбадан әншінің бірінші жүкті кезін, кейін  дүниеге келген  нәрестесін құшағына алып тұрған сәтін көруге болады. Мархаба бұл бақытты сәтті 10 жыл бойы күткенін айтқан. 

«10 жыл күткен ботақанымыз, қош келдің!», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, нәрестенің бауы берік болуын тілеген. 

«Бауы берік болсын», «Мархабаның тұрмыс құрғанын да білмеппін», «Құттықтаймын», «Ғұмырлы болсын»,– деп жазды көпшілік.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.