Сабина Алтынбековаға күйеуі үш кездесуден кейін ұсыныс жасаған

589
Отандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова алғаш рет жеке өмірі жайлы сыр шертті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сабина күйеуімен қалай танысқанын және арақатынастары қалай өрбігені жайында Instagram парақшасында баяндады. Волейболшы ару алғаш рет жеке өмірі жайлы тың мәліметтерді бөлісті.

Белгілі болғандай, қос ғашықтың таныстығы әлеуметтік желіден бастау алған. Әдетте, өзіне Instagram-ға келетін хабарламаларды ашпайтын Сабина сол күні жолдасының жазғанына жауап береді.

"Ол маған тіпті амандаспай-ақ бірден "жігітің бар ма?" деп жазып жіберіпті. Көп ойланбай мен де оған өзі сияқты жауап беруді жөн көрдім. "Ал сіз үйленгенсіз ба?" дедім мен. Оның парақшасы жабық болды. Бірақ, маған оның түрі қандай екеніне бәрібір еді. Ол отбасылы емес екенін айтқан соң, мен оған "ажырасқансыз ба? сотталғансыз ба?" деп жазып жібердім. Сотталғаны жайлы сұрағым қалжың еді", - деп бастады ол.

Олар өзара хат алмасып жүргенімен, бірден кездеспеген. Сабина Алтынбекова түрлі сылтауларды айтып, кездесуді біраз уақытқа шегеріп келген. Ақыр-соңында ғашықтар желідегі таныстықтан кейін алты ай өткен соң барып  кездескен.

Мамырда орын алған таныстықтан кейін олар тек қазан айында кездескен. Алтынбекованың айтуынша, сүйіктісі оның көңілін табуға барынша тырысқан.

"Ол маған ұзақ уақыт жазып жүрді. Байланысты үзбедік. 18 қазан күні Саят мені түскі асқа шақырады. Алайда, мен кездесуден бас тарттым. Келесі аптада босайтынымды айттым. Бірнеше күннен соң, Саят тағы да жазып, маған жақсы күн тіледі. Ертесіне үйде ішім пысып отырып, көп ойланбай оған жаздым. Қайда және сағат қаншада кездесетінімізді шешіп алдық.

Ал 25 қазан күні мен көңіл-күйім жақсы болып, кездесуге бармаймын деп ойладым. Мен жайлы жаман ойлап қалмаңыздар. Мен негізі өзім кездесулер мен мерекелік шараларға барғанды ұнатпаймын. Саят қайырлы таң тілеп, кездесу жайлы еске салды. Мен кездесуді екі сағатқа шегердім. Нәтижесінде, барамын деп шештім. Біздің хикаямыз осылай басталған болатын. Біз үш -ақ мәрте кездестік. Үш кездесуден соң Саят маған ұсыныс жасады", - деді Сабина.