Актриса Әсел Асқар коронавирус жұқтырып алды

550

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/?hl=ruОтандық танымал актриса Әсел Асқардың коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті. Өнер иесі қауіпті инфекцияны жұқтырып алғанына қапалы. Себебі, екі апта бойы оқшаулану оның жоспарына кірмеген. Әртіс тест нәтижесі қате болуы мүмкін деген үмітпен оны қайтадан тапсыруды шешкен.

Әсел Асқар бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Актрисаның сөзінше, ол тест тапсыру үшін үйіне арнайы мамандарды шақыртқан. Бірнеше сағаттан соң, тестің нәтижесі белгілі болған.

Өнер иесінің ағзасынан коронавирус анықталды. Бұл жайт оның көңіл күйін қатты түсіріп тастаған. Ол тіпті
әйелдер қауымына жүргізетін курсын өткізе алмай, оны кейінге қалдырған.
 
"Бұл індет те мені айналып өтер деп ойлап едім. Болмады. Менен коронавирус анықталды. Бірақ, мен қате кеткеніне әлі де үміттенемін. Ертең басқа зертханада тағы да тест тапсыратын боламын. Өйткені, Айбек "Сен жұқтырып алсаң, мен де коронавирус болуым керек қой. Демек, біз екі апта бойы үйде оқшаулану керепіз" деді. Оның да кқңіл күйі түсіп кетті. Себебі, біздің жұмысымыз, жоспарымыз өте көп. Жылағым келіп отыр. Оның үстіне қатты әлсіреп тұрмын" , - деді Әсел Асқар. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.