Динара Сәтжан: Мен ешкімнің тоқалы, екінші әйелі емеспін

501
Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Бір рет тұрмыста болған ақпарат өкілі бүгінде басы бос екенін жеткізді. Оған қоса, ол отбасылы ер адаммен кездесуге қатысты өз ойын айтты.

Динара Сәтжан "Orda News" арнасына ашыла сұхбат беріп, өзіне қатысты түрлі қауесеттерге нүкте қойды. Белгілі журналист ешкімнің тоқалы да, екінші әйелі де емес екенін кесіп айтты. Ол тіпті бүгінде жүрегі бос екенін жеткізді.

 
"Отбасылы ер адаммен кездесуге қарсымын. Мен оған дайын емеспін. Біреудің отбасын бұзып, күйеуін қаратып алу маған керек емес. Мен ондайға бармаймын. Бірақ ешкім алдында не боларын білмейді. Ешкім ажырасам деп үйленбейді ғой. Сол секілді өмірде түрлі жағдай болады. Нақты мынау дұрыс емес деп те айта алмаймын. Осы тұрғыда өзім жайлы алғаш рет ацтайын деп тұрмын. Оны барлығы білгісі келеді. Менің қазіргі серігім кім екенін қатты білгісі келетіндер көп.