Айқын Төлепберген отбасымен АҚШ-қа аттанды

590

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали балаларымен бірге АҚШ-қа аттанды. Отбасы Америкада демалып әрі Айқынның концертін қойып келмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Айқын Америкадағы қазақ жастарының басын қосып, Kazakh Party ұйымдастырмақ. Кеш 9 ақпан күні Майамиде, 13 ақпан – Лос-Анджелесте, 15 ақпан Нью-Йоркте өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ биыл мерейлі жасқа келетін Төлепберген туған күнін осында өткізбекші. 

"Негізі АҚШ-қа демалысқа бара жатырмыз. Бірақ, біз демалыс пен жұмысты қатар ұстайтын жандардың біріміз! Оның үстіне 10 ақпанда юбилейім бар", - деп бөлісті Айқын. 

Айта кетейік , төрт баланың әкесі Айқын Төлепберген биыл 40 жасқа толады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.