"Жасөспірім кезімнен армандадым": Жәния Джуринская қызына әжесінің есімін берді

340

Фото: https://www.instagram.com/djurinskaya/?hl=ruЖуырда ана атанған Жәния Джуринская қызына қандай есім бергенін жариялады. Ол сәбиді өз әжесінің атымен атаған. Жұбайы Данияр болса босану сәтінде Жәнияның қалай қиналғанын көріп, есім таңдау еркін оған қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Софи. Бұл есімге жасөспірім кезімнен ғашықпын және қызымды осылай атауды армандадым. Әрі бұл менің әжемнің есімі.
Қыз күтіп жүргенімізді білген соң, Данияр менің қалауымдағы есімді қолдады. Тек есімнің соңындағы "я" әрпі үшін екеуміз біраз таластық. Мен София, ал ол Софи болғанын қалады. Бірақ босану кезінде менің қалай қиналғанымды көріп, Даник мені аяп кетті де, әрең дегенде: "Жарайды, құжатта София болсын, өмірде Софи деп атаймыз",
- деді актриса. 


Джуринская ана болудың қаншалықты үлкен бақыт екенін атап өтті. Ол қызы ұйықтап жатқан сәтте оны сағынатынын мойындады. 

"Балапаның басқа бөлмеде ұйықтап жатқан сәтте оны сағынуға болады деп ешқашан ойламаппын. Ана болған қандай бақыт", - деп бөлісті Жәния. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.