Актриса "Аппақ келін" үйсіз далада қалды
745
"Аппақ келін" сериалының басты кейіпкерін сомдаған Фатима Кулибали пәтерсіз далада қалған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Актриса пәтер иесінің "үйді босат, оны сатамын" деген сөзін естігенде шалқасынан түсе жаздапты. Себебі өнер иесі соңғы бір айда Алматыда жалдамалы пәтер құны бірнеше есеге шарықтап кеткенін жақсы біледі.
Фатиманың айтуынша, ол осы уақытқа дейін сатушылар мен жалға берушілердің хабарландыруы жарияланатын сайттан қалтасы көтеретін пәтер таба алмаған. Енді танымал актриса халықтан көмек сұрап отыр.

Мені тұрып жатқан пәтерімнен шығарып жатыр. Жарнама сайттарынан пәтер табу өте қиын. Бәрі қымбат. Мүмкін сіздердің араларыңыздан үйді жалға беретін адамдар табылып қалар деген үмітпен осы видеоны жүктеп отырмын. Көмектеріңізің ауадай қажет,- деді актриса Фатима Кулибали.