"Әйелдің ақылды болғаны емес, әдемі болғаны маңызды" - Amre

1 034
Отандық әнші Әміре қыздардың бойындағы қандай қасиетті бағалайтынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүгінде Әміре ел аузында жүрген сұранысқа ие әншілердің бірі.Ресейлік танымал әртістер де оның өнерін жоғары бағалады. Алайда саналы ғұмырын музыкаға арнаған Әміре "қартайғанша ән айтпаймын" деп елді таңғалдырды. Ол "5 жылдан кейін өзіңді қайдан көресің?" - деген сауалға: 

"Бизнестен көремін. Сахнада өнер көрсеткенімше көрсетемін. Әрі қарай хобби болып қалады. Қартайғанша ән айтатын мақсатым жоқ. Керісінше жас таланттарға көмектесіп, қолдау көрсеткім келеді. Болашақта өзімді жеке бизнестен көремін. Құдайдың қолында", - деді ол. 

Сондай-ақ, әлі үйленбеген сері нәзік жандылардың бойынан даналықтан қарағанда сұлулықты жоғары бағалайтынын айтып өтті. 

"Сұлу. Сұлу қыздарды (әйелдерді) ұнатамын", - деді ол.

Әміре өзінен жасы үлкен қыздарға ынтық екенін жасырмады. 

“Жасы үлкен қыздар ерекше ұнайды”, – деді Әміре.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.