Димаш Құдайберген 40 градус дене қызуына қарамастан концерт өткізген

2 558

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimashДимаш Құдайберген денсаулығының нашарлауына қарамастан концертін өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айтбаевтың айтуынша, Димаш концерт өтетін күні өзін жайсыз сезініп, дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілген. Соған қарамастан ол тыңдармандарын ренжітпеу үшін сахнаға шыққан.

«Концерт болатын күні жағдайы күрт нашарлап кетті. Дене қызуы 40 градус болды. Концертті тоқтату мүмкін болмады — бәрі дайын еді. Сол күні сахна артында жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілікте тұрды, жиі-жиі ине салып отырды. Біз қатты уайымдадық. Бірақ Димаш бұл концертті ең алдымен тыңдармандарына деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында өткізді. Мұндай жағдайда өнер көрсету өте қиын, бірақ ол оны жасай алды», – деді Қанат Айтбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.