"Енді сәлем салып жібер": Баян Алагөзова ұлттық шапан киіп, ел алдына шықты

2 985

Фото: Жеке парақшадан алындыБелгілі продюсер, актриса Баян Мақсатқызы ұлттық киім күніне құтты болсын айтты , -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Баян Алагөзова журналист Динара Сәтжан және Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевамен бірге түскен суретін жариялады. Үшеуі де қазақтың ұлттық киімі шапанды киген.  


“Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық (Қ. Тоқаев). Ұлттық киім күні құтты болсын!” – деп жазды продюсер. 


Желі қолданушылары продюсердің жазбасына түрлі пікір білдіріп жатыр. 


“Сәлем салуды жабайылыққа теңеген адамның шапан киіп тұрғаны біртүрлі екен”, “Ұлттық киімді ұлықтайтын кез жетті”, “Енді үшеуің сәлем салып жіберіңдер”, “Баянға бәрі жарасады”, – деп жазды көпшілік.