Фариза Төреәлі әкесінің туған күніне ерекше тосынсый жасады

2 554

Фото: видеодан кадрОтандық танымал блогер Фариза Төреәлі әкесін туған күнімен құттықтап, оған ерекше тосынсый жасады. Төреғалидің қарындасы ата-анасына Парижге жолдама сыйлаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Фариза Төреәлі әкесіне аса бағалы сыйлықты тарту еткен сәтін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Блогер ару мен оның күйеуі Дархан Нортаев Парижге екі жолдаманы туған күнге орай ұйымдастырылған отырыс барысында сыйлаған. 

Төреғали Төреәлінің ата-анасы балаларынан мұндай сыйды мүлдем күтпеген болып шықты. Олар жолдаманы көргенде қатты таңғалып, қуанышын жасыра алмады. 

"Әкемнің туған күніне анам екеуіне Парижге жолдама. Ес білгелі әкемнің еңбекқорлығын, ақ ниетін, әрбір істі тек адалынан жасайтынын, әсіресе "отбасым" деп ішкен асын жерге қойып біз үшін бәрін істейтінін көріп өстім. Әкемізге қанша алғыс айтсақ та аз шығар. Бала-шағасын өсіріп, өндіріп, енді немерелеріне әлемде жоқ ата рөлінде қамқорлығын аямай төгуде. Әкешім туған күніңіз құтты болсын! Қазіргі кезде ата-анамызға керегі тек эмоция, естеліктер ғой деп өздері қалап жүрген елге саяхат сыйладық. Бастысы қатты қуанды", - деп жазды Фариза Төреәлі.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.