Блогер: "Кішкентай кезде зорланған қыздардың жыныстық энергиясы жоғары"

544

Танымал әнші Бүркіттің атышулы қарындасы Әсел Асқар кішкентай кезде зорланған қыздар жайлы өз ойын айтамын деп елдің сынына қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Блогер ер адамнан қорлық көрген қыздардың жыныстық энергиясы жоғары екенін айтады.

Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Бейнежазбада Әсел ер адамнан қорлық көруіне қыздардың өзі кінәлі екенін айтады. Егер олар еркекті өзіне еліте алмаса, бұндай жағдайға тап болмайтын еді.

Кішкентай кезде зорланған қыздардың сексуалдық қуаты жоғары. Өйткені олар сол жаста еркекті өздеріне еліте алды,— дейді Әсел Асқар.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары блогерді бірден сынай жөнелді.

"Аузыңды жап", "Өзінің не айтып тұрғанын біле ме?", "Осы сөзі үшін заң алдында жауап берсін",— деп жазды желі қолданушылары.