Мақпал Жүнісова не себепті шетелге танымал емес екенін айтты

2 655

Фото: instagram.com/zhunusova.makpalҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова өнер жолында шетелге барып концерт қоймағанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесі “Оян” бағдарламасына сұхбат беріп, шығармашылық жолынан сыр шертті. 



“Мен тек қазақ елі үшін қызмет жасаған әншімін. Мына тұрған Мәскеуде де концерт беріп көрмеген адаммын. Осы Қазақстанды ғана араладым. Ауылдарды, станцияларға барып концерт қойдық. Тіпті далада да, комбайнның жанында да ән салдым. Сондықтан еліме деген махаббатым өте биік. Өз жерімде өзімді суда жүзген балықтай сезінемін. Шетелге барып, сол жақта атымды шығаруға болар еді. Менде ондай жағдай болды. Жолдасым бастық болды. "Мені шетелге шығарып, мына Мәскеуге апарып концертімді жаса" десем орындайтын еді. Бірақ мен ондайға бармадым. Алдымен өз елімнің батасын алайын дедім. Өз елімде қазақтың әнінің шыңына шығайын дедім", – деді халық әртісі.