"Намысыма қатты тиді" : Әсел Асқар ұлына ДНҚ-тест жасамақ

843
Актриса әрі блогер Әсел Асқар өз отбасында болып жатқан жайттарды оқырмандарына бөлісті. Желі жұлдызы алдағы уақытта екінші ұлына ДНҚ-тестін жасатпақшы екенін айтты. Ол күйеуінің туыстары тарапынан туындаған сенімсіздік пен орынсыз айыптаулар салдарынан бұл қадамға баруға мәжбүр болғанын жеткізді, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Әсел Асқар ДНҚ-тест жасатып, көпшілікке ұлының әкесі қазіргі күйеуі Айбек екенін дәлелдемек.

"Оның туыстары мені басқа адамнан екіқабат болып қалды деді. Бұл менің намысыма қатты тиді, сондықтан ДНҚ тестін жасамақпын. Бірақ ол (күйеуі Айбек): "Қайтесің, өзіңді масқаралама", - деді. Осындай тәсілмен адамдардың аузын жабуға тура келеді. ДНҚ-тестін жасатып, елдің алдында жарияламақпын", - деді актриса.


Оған қоса блогер арудың айтуынша, күйеуімен қайта қосылуына жүктілігі үлкен септігін тигізген. Алайда отағасының туыстары бұл жайында мүлдем басқаша ойлайды екен. Олар Әсел Асқар Айбекті дуалап алған деп есептейтін көрінеді.

"Олар мені сиқырға жүгінді деп айыптады. Біріншіден, ол Уэльс ханзадасы емес. Екеуміздің ортамызда бөлетіндей алып бара жатқан байлығы да жоқ. Екіншіден, екеуміз ресми түрде некеге тұрмағанбыз. Оның үстіне, мен отырып алып уайымдап, зорлықпен жанымда алып қалатындай ұсқынсыз емеспін", - дейді Әсел Асқар.

 Айта кетейік, Әсел Асқар өткен жылы екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын хабарлап, артынан аяғы ауыр екенін жария етті. Күйеуімен айырылысып кеткен актриса ай-күні жақындаған шақта онымен қайта табысты. Ерлі-зайыпты арадағы өкпе-пенішті артта тастап, бәрін басынан бастаған еді.