Үйін сатып кино түсірген актер әйелімен пәтер жағалауда

1 822
Зәулім үйін сатып, фильм түсірген Жахан Отарғалиев әлі пәтер жалдап тұруда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


14 құрам өзгерткен "КешYOU" тобының экс-мүшесі Балжан Бидаш әлеуметтік желіде оқырманнан келген сұрақтарға жауап берді.

Сіздер пәтер жалдап жүрсіздер ме? Қашан үй аласыздар?” деген сауалға әнші: “Бұйырса алармыз. Үйсіз қалсақ та, Жаханға сенемін деп отырмын. Қазір пәтер жалдап тұрып жатырмыз, – деп жауап қайтарды. 

Жаханға тұрмысқа шыққалы Балжан өнерден де, сахнадан да кетті. Өнер адамының қандай құрбандыққа барғанын көрген оқырман Балжан үшін Жаханның тарапынан болған батыл әрекеттер жайлы сұрады.

“Бәрі Жахан үшін дейсіз, ал ол сіз үшін қандай дүниелерден бас тартты?” деген сұрақты Балжан: “Қыздардан”, – деп қысқа әзілмен жауап қайтарды.

Айта кетейік, актер Жахан Отарғалиев фильм түсіру үшін 60 миллионға үйін сатқан болатын. Кино туынды сәтті шығып, “Джохан” фильмінен 850 миллион теңге табыс түскен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.