Жұлдыз Әбдікәрімова еш жерде жарияламаған отбасылық суреттерімен бөлісті

656
Актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова көпшілікке осыған дейін еш жерде жарияланбаған отбасылық суретін көрсетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Әбдікәрімова Хабар арнасының "Оян" бағдарламасында отбасылық альбомын көрсетті. 


Менің ескі суреттерім өте көп. Альбом жинағанды өте қатты жақсы көремін, - деді балалық шағының суреттерін көпшілікке жариялаған актриса.
 

Пойыздан түсе сала, басыма орамал салған. Басымда үкім бар. 18 жастамын. Басымда орамал барын ұмытып кеткенмін, бәйтеректің ішіндемін. Бір кезде бәрі маған қарайды. Бұл үйлену тойымыздың суреті, 2007 жыл. Елдің бәрі бал айында Дубай, Мальдив аралдарына, Түрік еліне барса, біз Бурабайға бардық, - деді Жұлдыз Әбдікәрімова. 


Ол Қайрат Нұртаспен қыз-жігіт болып жүрген сәттерінен бастап, келін болып түскен уақытын, аяғы ауыр кезеңдегі суреттерін де алғаш рет жариялаған. 


Көбісі менің аяғым ауыр кезді ешкім көрмеген. Он жыл бойы үйде отырдым. Ешқайда шықпадым. Жүкті кездегі суреттерім ешқайда жарияланбады, - деді Қайрат Нұртастың жұбайы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.