"Моралдық тұрғыдан мүлдем дайын болмадым": Гүлнар Сілбаева босану хикаясын айтып берді

531

Былтыр ана атанған Гүлнар Сілбаева босану кезіндегі қиындықтарын айтып берді. Айтуынша, ол уақытынан ерте босанған. Дәрігерлер Гүлнарға кесарь тілігімен шұғыл түрде ота жасаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: https://www.instagram.com/naarah_s/Сілбаева жүктілігінің 32 аптасында қан кетіп ауруханаға түскенін айтады. 4 күн жағдайының оңалғанын күткен. Алайда төртінші күні дәрігерлер шұғыл ота жасау керектігін, баланың өмірін сақтап қалудың өзге жолы жоқ екенін ескертіпті. 


"Басқа жол жоқ, тек кесарь тілігімен шұғыл түрде босанасың деді. Оған моралдық тұрғыдан мүлдем дайын болмадым. Жарты сағаттан кейін маған ота жасады. Маған баланы көрсетті. Оны бірден таныдым, өйткені УДЗ-дан көрген едім", - дейді актриса. 



Шала туылған сәби жан сақтау бөлімінде бірнеше күн жатқан. Салмағы небәрі - 1,845 келі. Осы ретте Сілбаева уақытынан бұрын босанып қалатын аналардың жан айқайын жеткізді. 

"Уақытынан ерте туған барлық балалар оттегі баллонының астында жатады. Оны жарты сағат сайын аналардың өздері ауыстыру керек. Ол медициналық құрылғы болғандықтан, оны арнайы білімі бар маман қолдану керек емес пе? Одан бөлек, баланы екі сағат сайын тамақтандыру керек. Палата мен жан сақтау бөлімінің арасы алшақ. Сол кезде аналар қашан ұйықтайды деп ойладым. Ол мүлдем ұйықтамаса, сүт қайдан пайда болады?" - дейді Сілбаева.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.