"Әйел ретінде әлсіздігімді көрсетпеймін" Дана Есеева қалыпты өмірін жалғастырып жүргені үшін өзін сынғандарға жауап берді

601

Фото: https://www.instagram.com/meirzhach_tv/Қазақстандық танымал блогер Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі Мейіржан Төребаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Дана Есеева азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Ол өзін орынсыз сынға алып жатқанын айтып, күйеуінің қазіргі жағдайын бөлісті. Блогер отағасымен тұрақты түрде кездесіп тұратынын алға тартты. Сөзінше, Төребаев бүгінде фильмнің сценарийімен айналысып жатыр. Вайнер бала-шағасымен кездесуді асыға күтіп жүр.

"Мен Мейіржанның қорғаушысымын және заң бойынша онымен кездесуге құқығым бар. Әрине, рұқсат етілген кездерде оған барып тұруым қалыпты нәрсе. Желіге салмасам, екеуіміз кездеспейміз деген сөз емес. "Жағдайы қалай?" деген сауалға айтарым, негізінен фильмнің сценарийімен жұмыс істеуде. Әділеттілікке сеніп, балалармен кездесуін күтіп жүр.Ең орынсыз: "Неге мен үйде жылап отырмай, жұмыс істеп жүрмін?" деген сауалға тек "ол күнге жете алмайсыздар" деп жауап бергім келеді. Ең бастысы, Мейіржан тірі, осыны ұмытпаңыздар.  Әйел ретінде әлсіздігімді көрсетпегенім үшін ызаланып жүрген еркектер, маған өз ойларыңызды таңбаңыздар. Сіздер солай жасасаңыздар, мен жасамаймын", деп жазды ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.