«Менің арқамда отбасым банан мен ананас жейді»: Қайрат Нұртас

2 481

Фото: instagram.com/kair_n/Желіде Қайрат Нұртастың сұхбатынан үзінді тарады. Айтуынша, отбасы әншінің еңбегінің арқасында бүгінде шалқып өмір сүріп жүр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Олар менің ата-анам болғанына, екі бауырым Қайрат Нұртастың інісі болғанына, бала-шағам менің отбасым болғанына кінәлі емес қой. Олар күн сайын ананас пен банан жейді. Бәрінің астында машина бар, Аллаға шүкір. Оның бәрін істеп отырған мен, олар оны мойындайды», — деді Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары әншінің бұл сөздеріне таңырқап, жаппай пікір білдірді.

«Банан мен ананас қымбаттап кетппесін», «Мынау сау кезі ме әлде ішіп алған ба», «Қайрат Нұртас болмасақ та күн сайын ананас пен банан жейміз», «Бұдан сұхбат алмай-ақ қойыңдаршы», — деді олар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.